АҚШ-та динозаврлар қырылған кезеңде тіршілік еткен атжалман қаңқасы табылды

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: Shutterstock/FOTODOM/ Evgeny Haritonov

Ғалымдар атжалманға ұқсас, динозаврлар дәуіріндегі апокалипсисті бастан өткерген ежелгі сүтқоректінің қаққасын топырақтан қазып алды. Бұл туралы Journal of Vertebrate Paleontology журналында жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ежелгі кеміргіштің қалдықтары Калифорния аумағынан табылған. Ғалымдар жануардың жасын шамамен 75 миллион жыл деп бағалап отыр.

Бұл түрге Cimolodon desosai деген ғылыми атау берілді. Ол көптөбешіктілер (Multituberculata) отрядына жатады  – бұл Жер бетінде Юра дәуірінде пайда болып, шамамен 100 миллион жыл өмір сүрген ежелгі топ. Ғалымдардың айтуынша, осы топты зерттеу арқылы сүтқоректілердің жаппай жойылуға қалай бейімделгенін және кейін қалай эволюцияланғанын жақсырақ түсінуге болады.

Cimolodon desosai шамамен алтын түсті хомяктың (алақоржын) көлеміндей болған (шамамен 18 см). Мамандардың пікірінше, ол жерде жүріп, ағашқа өрмелеп, жемістермен және жәндіктермен қоректенген.

Cimolodon туысы динозаврлар дәуірінің соңында, бор кезеңінің соңғы бөлігінде кең таралған сүтқоректілердің бірі болған. Оның қазба қалдықтары Солтүстік Американың батыс бөлігінің көптеген аймағынан табылған.

Cimolodon desosai түрі 66 миллион жыл бұрынғы ғаламдық жойылып кету кезеңінен аман қалған түрлердің арғы тегі болған. Ғалымдардың пікірінше, бұл апат алып астероидтың Жерге құлауынан болған. Зерттеушілер мұндай тіршілікке бейімділікті жануардың шағын көлемімен (жасырынып қалуға жеңіл болған) және талғамай қоректенуімен байланыстырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *