АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау талап етілді
Фото: inkl.com
Соңғы уақытта Америка Құрама Штаттарында Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы талаптар қайтадан айтыла бастады. Техас штатының Конгресс мүшесі Эл Грин алдағы 30 күн ішінде Трампқа қарсы импичмент баптарын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі theguardian сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың ақпан айында Эл Грин Трамптың «Газаны басып алу» жөніндегі ұсынысына жауап ретінде де импичмент мәселесін көтерген болатын. Ол бұл жоспарды этникалық тазалау әрекеті деп атады.
Дегенмен, Демократиялық партия басшылығы қазіргі уақытта импичментті өздерінің басты бағыты ретінде қарастырмай отыр. Демократ Пит Агилар бұл мәселе күн тәртібінде жоқ екенін айтты.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп федералды судья Джеймс Боасбергті импичментке ұшыратуға шақырған еді, себебі ол Трамптың кейбір депортация жоспарларына қарсы шешім шығарған. Бұл бастаманы Жоғарғы соттың төрағасы Джон Робертс қабылдамай, сот жүйесінің тәуелсіздігін қорғап қалды.
Жалпы алғанда, Конгрестің кейбір мүшелері мен қоғамдық ұйымдар Трампқа қарсы импичмент жариялауды талап еткенімен, бұл бастамалар әзірге Конгрессте кең қолдау тапқан жоқ.
Пікірлер (0)