Алматыдағы қылмыстық топ мүшесінің үйінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

Жаңалықтар
view 13
news

Фото: polisia.kz

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.

"Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.

Жалпы 21 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан қоғамға қауіп төндіретін едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленген.

"Мысалы, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған", - дейді полицияда.

Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *