Ақтауда ер адам біреудің көлігін кірпішпен ұрып, тас-талқанын шығарды

Жаңалықтар
view 17
news

Фотосурет: видеодан скриншот

13 мамырда Ақтау тұрғыны біреудің Nissan Primera маркалы автокөлігіне кірпіш лақтырып, бұзақылық жасаған.

Салдарынан көліктің терезелері мен шамдары зақымдалған. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, жанжал көлік иесінің құрылыста істеген жұмысы үшін қала тұрғынына еңбекақысын төлемеуінен туындаған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында құқық бұзушының анықталып, ұсталғанын хабарлады. 13 мамыр күні Ақтау қаласында ер адам тас алып, Nissan Primera маркалы автокөліктің алдыңғы әйнегін зақымдаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушы уақытша ұстау бөлмесіне қамалды, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *