"Полицейлерден қашқан": Таразда жол апатынан жасөспірім қаза тапты

Жаңалықтар
view 34
news

Фотосурет: polisia.kz

Таразда жол апатынан жасөспірім қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Полицейлер түнде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Audi көлігінің жүргізушісін тоқтатуға тырысқан. Алайда жүргізуші оны елемей, қаша жөнеліпті.

Жасөспірім тізгіндеген көлік бағанға соғылған. Бір жолаушы сол жерде қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімнің ата-анасы да жауапқа тартылады. Ал жарақат алған екі бала дәрігерлердің бақылауында.

"Балалар ауруханасына 16 жастағы екі науқас жеткізілді. Бірінші науқас жеңіл жарақаттар алған, ол тұрғылықты жеріне амбулаторлық бақылауға жіберілді. Екінші науқастың сүйектері сынған, оған ота жасалды, науқастың жағдайы бірқалыпты. Науқас өзінің тиесілі емін алып жатыр, жағдайы тұрақты", - дейді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Демеу Әліпбаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *