Көкшетаудағы өлімге әкелген жол апаты: Жаңа дерек шықты

Жаңалықтар
view 28
news

Фото: baq.kz

Көкшетауда 9 мамыр күні әйелдің өліміне себеп болған жол апаты бойынша тергеу аяқталуға жақын. ІІМ мәліметінше, іс сараптама қорытындысынан кейін сотқа жолданады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

9 мамыр күні Көкшетаудағы тұрғын үй ауласында жол талғамайтын көлік әйелді қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған болатын. 

Аталған іс бойынша тергеу соңғы кезеңге жетті. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, сараптама қорытындылары алынғаннан кейін іс бірден сотқа жолданады.

Тергеу барысында көлік тізгінінде болған әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны және ешқашан авто-мектепте оқымағаны анықталған. Қазіргі таңда ол үйқамақта отыр.

Сондай-ақ көлікті басқаруға рұқсат бергені үшін оның күйеуі де жауапкершілікке тартылады. Оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *