Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңа экожоба: Зауыт – таза ауаның тірегі бола ма?

Жаңалықтар
view 59
news

Фотосурет: «Қазхром» ТҰК» АҚ, Ақтөбе

ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясының Ақсу ферроқорытпа зауытында №42 пешке арналған жаңа газтазарту жүйесі іске қосылды. Бұл – өндіріс саласында экологияға салынған нақты инвестиция: жүйе өндіріс кезінде бөлінетін шаңның 99,5%-ын ұстап, қоршаған ортаға таралуына жол бермейді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Жоба құны – 7 миллиард теңге. Жабдықтар Siemens (Германия) және ZVVZ (Чехия) компанияларынан жеткізілген. Сағатына 950 мың текше метр ауаны сүзуге қабілетті жүйеде 4 мыңнан астам арнайы сүзгі бар. Бұл жылына 16 мың тонна шаңның табиғатқа жайылмай, ұсталып қалуын қамтамасыз етеді.

«№42 пеште алғаш рет чех мамандар арнайы бейімдеген механикалық шаң сүзу жүйесі қолданылды. Ол өндірістегі өзгерістерге жедел бейімделе алады», – дейді жобаның бас инженері Александр Сидлецкий.

Бүгінде зауытта 11 газтазарту құрылғысы жаңартылған. Төртінші цехтағы жұмыстар да аяқталуға жақын. Бұл – ERG-дің экологиялық бастамалары аясындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі ғана.

«Біз тек экологиялық талаптарды орындап қоймаймыз, әлемдік үздік тәжірибелерді енгізе отырып, табиғатты қорғауды басты мақсаттарымыздың біріне айналдырып отырмыз», – дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Мұсабек Макашев.

Анықтама ретінде:

«Қазхром» ТҰК» АҚ – ERG құрамындағы әлемдік деңгейдегі тау-кен-металлургия кластері. Хром кенінің сапасы бойынша әлем көшбасшыларының қатарында. Компания жылына 6 млн тонна хром кені мен 1,8 млн тонна ферроқорытпа өндіреді. Ақсу, Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары мен Хромтаудағы Дөң комбинаты – негізгі өндіріс ошақтары.

ERG – 67 мыңнан астам қызметкері бар, 4 құрлықта жұмыс істейтін табиғи ресурстар саласындағы алып холдинг. Топ Қазақстанда ғана емес, Африка, Бразилия, Еуропа және Азияда да өндіріс пен логистика жобаларын жүзеге асыруда. Бас кеңсесі Люксембургте. Қазақстан Үкіметі ERG-дің 40% үлесіне иелік етеді.

📌 2025 жылы «Қазхром» ТҰК» АҚ 30 жылдығын атап өтпек.

Байланыс:

«Қазхром» ТҰК» АҚ, Ақтөбе

Корпоративтік коммуникациялар қызметі

📞 +7 701 566 13 60 – Ирина Сычина

📧 Irina.Sychina@erg.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *