Қызметтен кеткен мектеп директоры ел естімеген жаңалығын бөлісті
Фотосурет ашық дереккөзден
Қызметтен кеткен мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза ел естімеген жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Бір арманымыз орындалды…
Ең алғаш шет елге шыққанда жолдасым екеуміз ата-анамызды әкелуді армандадық, жоспарлап жүргенде Әкем өткен жылы өмірден өтіп кетті. Жолдасым екеуміздің арманымыз өте көп. соның бірі орындалған күн болды, бірақ әкемсіз….
Біз үшін бұл – жай ғана демалыс емес, бір-бірімізге қуаныш сыйлаған, армандарымыздың бірі орындалған сағынышты сәл де болса жеңілдеткен сапар болды.
Алғаш рет осылай 9 адам болып – 4 бала, 3 ата-ана, жолдасымыз екеуміз – шет елге шықтық, аллаға шүкір, енді алла қаласа өрісіміз кеңейіп, бауырларымызбен демалу бұйырсын деп, тамаша көңіл күйде елге келе жатырмыз, әлемнің керемет жерлерін аралайтындай денсаулық берсін.
Бұл – тек бастамасы.
Алда ата-анамызбен бірге әлемді аралап, әр сәтті естелікке айналдыру – басты арманымыз.
Жақындарыңмен бірге жасалған әр қадам – өмірдің ең үлкен жетістігі. Армандар күтпейді – оларды тез жүзеге асыру керек.
Пікірлер (0)