Ақтауда есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды

Жаңалықтар
view 253
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бүгін, 4 маусымда Маңғыстау облыстық сотында есірткі сатты деп айыпталған Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты облыстық прокуратураның арызы қаралды,-деп хабарлайды Janabastau.kz. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокуратураның өтінішін қарап, оны толығымен қанағаттандырып, алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.

 "Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді, сотталушы сот залында қамауға алынды", - деп түсіндірді қадағалаушы орган өкілдері.

Еске салсақ, мамырдың ортасында Ақтауда есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлы ақталған болатын. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Прокуратура сотталушының кінәсін растайтын толық дәлелдеме базасы, екі куәгердің айғақтары және басқа да тергеу хаттамалары жиналғанын хабарлады. Алайда жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер полицейдің ұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі емес деп тапқан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *