Ақтауда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты
Жаңалықтар
94
Сурет: Видеодан алынған кадр
Ақтау қаласында жеңіл көлік теміржол өткелінде тұрған пойызды соқты, - деп хабарлайды janabastau.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, жапа шеккендер жоқ.
lada.kz сайтының жазуына қарағанда, жеңіл көлік айып тұрағына қойылған.
«Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды ("көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы"). Оған 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салынуы немесе алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Пікірлер (0)