Ақтөбеде банк қызметкері зейнеткердің атына несие рәсімдеген
Жаңалықтар
110
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Ақтөбеде банк менеджері клиенттердің келісімінсіз несие рәсімдеп, олардың есепшоттарынан ақша шығарғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Зейнеткерлер полицияға жүгініп, олардың атынан белгісіз адамдар несие рәсімдегенін хабарлаған. Тергеу барысында банк қызметкері несие төлемдерін жүргізу жұмысын сылтауратып, клиенттердің атынан қарыз рәсімдегені анықталды.
Қазіргі уақытта зардап шеккен 6 адам шағымданған, күдікті өз кінәсін мойындаған. Қазір оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Пікірлер (0)