Шучинск қаласында мектеп аумағында жарылыс болды
Жаңалықтар
124
Фото: видеодан скрин
Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында орта мектеп аумағында қазандық жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында көлемі 10 текше метрден екі жанармай резервуарын сақтап қалуға және өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеуге мүмкіндік туды, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
ТЖД өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін еске салды.
Пікірлер (0)