Ақтөбеде киіктер 12 мың гектар егінді таптап кетті

Жаңалықтар
view 194
news

Фотосурет: onedio.com

Ақтөбе облысының аграршылары киіктердің қаптап кетуінен миллиардтаған шығынға батқанын айтып, Экология министрлігінен оларды атуға рұқсат беруді сұрап отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

31 арнаға сұхбат берген «Құмқұдық» ЖШС-нің директоры Александр Чемодановтың айтуынша, Әйтекеби ауданындағы шаруашылығы бидай мен күнбағыс дәнінен 400 млн теңгеден аса шығынға ұшыраған. Оның айтуынша, жаз бойы егінді жануарлардан қорғап, қууға тырысқанмен, залал бәрібір орасан болған.

Диқандардың айтуынша, қалыптасқан жағдай өңірдегі ауыл шаруашылығының болашағына қауіп төндіріп отыр. Әсіресе, 500-3000 гектар алқабы бар шағын шаруашылықтар ірі агрокәсіпорындарға қарағанда, ауыр жағдайда қалған. Өйткені олар дәнді дақылдармен қатар, шөп қорынан да айырылды.

Неге Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында атуға рұқсат беріледі де Ақтөбеде мұндай шаралар жүргізілмейді? Бұл шынымен де жанға батады, халық не істерін білмей отыр. Бір шешім қабылдау керек, – деді «Фермерлік орталық Ақтөбе» ассоциациясы төрағасының орынбасары Руслан Шүйіншалин.

Ауыл шаруашылығы басқармасы Әйтекеби ауданында киіктердің шамамен 12 мың гектар егістікті таптап кеткенін растады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *