"Арманым орындалды". Сүйінші! Қарақат Әбілдина көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті
Жаңалықтар
42
Видеодан кадр
Белгілі әнші, халықтың сүйікті өнер иесі Қарақат Әбілдина өзінің су жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын жарыққа шығарып, көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды janabastau.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап.
Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған тұңғыш кітап. Онда Қарақат Әбілдинаның көне аспаппен орындаған 32 әнінің мәтіні, нотасы және QR-код арқылы тыңдауға болатын аудионұсқасы берілген.
Бұл кітап – жетігенде ойнап үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәні мұғалімдеріне таптырмас құрал болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, сонымен қатар қазақ руханиятына қосқан титтей үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті,
– деп бөлісті қуанышымен әнші.
Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының танымал өкілдері, ұлттық өнерді қолдаушылар қатысты.
Пікірлер (0)