АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫ КҮЗДЕ «АҚЫЛДЫ» ҮЙГЕ ҚОНЫСТАНАДЫ

Жаңалықтар
view 227
news

Сурет: ашық дереккөзден

Арқалық қаласында 50 пәтерлі «ақылды» үй салынуда. Оның тұрғындары -  су тасқыны салдарынан баспанасынан айрылғандар,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Тұрғын үйді BAZIS компаниялар тобы өз қаражатына тұрғызып жатыр және оның елордалық жайлылық санатындағы тұрғын үйлерден кем түспейтініне уәде береді. «Ақылды» немесе «Смарт үй» Face ID бейне есік қоңырауларымен жабдықталған.

«Биылғы жылғы су тасқынынан, өкінішке орай, Қазақстан халқының басым бөлігі зардап шекті. Табиғи апат халықтың басындағы баспанасын бар жиған дүниесімен бірге шайып кетті. Біздің де алты жыл бойы ақша жинап алған үйіміз су астында қалды. Былтыр ғана күрделі жөндеуді аяқтап едік. Ал қазір комиссия оны тұруға жарамсыз деп отыр. Қабырғалары да, төбесі де опырылып қалған. Бұлай боларын кім білген? Бұған ешкім де кінәлі емес, апат айтып келмейді. Бірақ үйімізге 40-50 см-ге дейін су толғанын көргенде, күйініштен жанымызды қоярға жер таппадық, – дейді Арқалық қаласының тұрғыны, алты баланың әкесі Иванов Денис Владимирович.  


 Жергілікті билік өкілдері көп балалы отбасына меншігіндегі жер учаскесіне жаңа үй тұрғызуға немесе  дайын, жаңа пәтерге көшуге көмек көрсетілетінін айтып, бірнеше жолды нұсқады.  
Ивановтар отбасы «Тұмар» символдық атауы бар «ақылды» үйдегі үш бөлмелі пәтерге көшуге ниет білдірді, енді олар қоныс тойын тойлайтын күндерді асыға күтуде.


«Тұмар» қазақ тілінен аударғанда – «Талисман» дегенді  білдіреді. Бұл пәтер бізге тұмар болып, бақыт пен береке, сәттілік әкеледі деген сенімдеміз. Бізге толық жабдықталған пәтер беріледі, тек киім-кешегімізді алып келсек болғаны деп айтты. Осы қамқорлық пен көмек үшін билікке алғысымыз шексіз»,- деп ерлі-зайыпты Ивановалар ризашылықтарын білдірді.
Арқалық қаласында көпқабатты монолитті үйдің құрылысы мамыр айының ортасында басталған. Құрылыс салушы нысанды 4,5 айда пайдалануға беруге уәде беріп отыр.

Арқалықтағы су тасқынынан кейін барлығы 94 үй қауіпті деп танылды. Үкімет резервінен бөлінген қаржыға және кәсіпкерлер мен «Қазақстан халқы» қайырымдылық қорының көмегімен зардап шеккендерге қазірдің өзінде 68 пәтер сатып алынды. 418 жеке үйді қалпына келтіруге болады деп танылды.

Пікірлер (1)

  • Ақылсыз үй қандай болады,жебірлердің салған үйі ме,ит байласа тұрмайтын,а?

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *