Астана әкімдігі парадқа кіре алмаған ардагерден кешірім сұрады
Фото: ztbnews
Астанадағы әскери парад кезінде трибунаға кіргізбей қойған ардагерді 9 мамыр күнгі шараға шақырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Теңдік Изақов 9 мамырда өтетін гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды. Желіде тарап, белгілі болған оқиғадан кейін, әкімдіктің өкілі кездесіп, болған жайт үшін кешірім сұраған.
Бұл қария жай ғана еңбек ардагері емес, Қазақстандағы тұңғыш нейрохирург – Теңдік Изақов екені белгілі болды.
1932 жылы 8 наурызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 13 жасында еңбек майданының қатысушысы ретінде алғашқы медалімен марапатталған. 1951 жылы мектепті аяқтап, Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1957 жылы бітірген.
Пікірлер (0)