Украина жоғарғы радасы АҚШ-пен пайдалы қазбалар жөнінде келісімді ратификациялады
Ашық дереккөзден
Украина жоғарғы радасының депутаттары АҚШ-пен пайдалы қазбалар туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Парламент отырысының трансляциясын жоғарғы рада депутаты Ярослав Железняк жүргізді.
Дауыс бергендердің 338-і қолдаған, қарсы шыққандар мен қалыс қалғандар болмаған.
2025 жылдың мамыр айының басында АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар саласындағы келісімді қол қойып, қалпына келтіру қоры құрылды.
Келісімнің негізгі ережелері:
-
Украина өз жер қойнауына толық егемендігін сақтайды – мемлекет өзі қай жерде және қандай пайдалы қазбалар өндірілуі тиіс екенін анықтайды.
-
Жер қойнауы Украина меншігінде қалады.
-
Құжат шетелдік серіктестерге «Укрнафта» мен «Энергоатом» сияқты маңызды активтерді басқаруға беру міндеттемесін қамтымайды.
-
Келісімде Украина тарапынан АҚШ алдында қарыздық міндеттемелер қарастырылмаған.
-
Договордың елдің еуроинтеграциялық бағытын өзгертуге немесе жекешелендіру процестеріне әсері жоқ екендігі айқындалды.
Пікірлер (0)