"Мұндай аналарды есепке қою керек!": Жоғалып, табылған баласынан анасы телефонын сұраған (Видео)
Жаңалықтар
297
скрин видео
Желіні шулатқан оқиға Жамбыл облысының Шу ауданында болған. Полицейлер көшеде адасып жүрген үш жасар баланы тауып үйіне апарған. Баласының жоғалып кеткенін де байқамаған анасы оны көріп әуелі “менің телефоным қайда?” деп сұраған. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды.
Бұл реакция желі қолданушыларының ашуын тудырды.
Олар "Мұндай аналарды есепке қою керек! Небәрі үш жаста болған бала үйіне аман келіп тұр. Ал ол болса телефонын іздеп отыр. Бей-жай қарамаған полиция қызметкерлеріне рахмет" деп жазды.
Пікірлер (0)