Астана әкімдігінің асханасындағы бәліштен жүні бар тері шыққан: Мысықтың әлде тышқанның еті

Жаңалықтар
view 171
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астана әкімдігінің асханасынан бәліш жеген әйел тамақтың сапасына ашуланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел адамның айтқан шындығы көпшілікті шошытты.

"Ет қосылған құймақ сатып алдым. Оның ішінде жүні бар тері шықты. Менің ойымша, құймақта сиыр еті болмады. Оған қоса бұл Астана қаласы әкімдігінің асханасында болып отыр. Әкімшілікке жүгіндім, бірақ ештеңе айта алмады", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары мұның кеміргіштердің немесе мысықтардың жүні болуы мүмкін екенін болжады. Кейбір пайдаланушылар бір кездері асханада жұмыс істегенін және санитарлық нормалардың бұзылуын байқағанын алға тартты.

"Фу, СЭС қайда қарап отыр?", "Мысық па, тышқан ба?", "Өзім аспазбын. Алайда асханалар мен кафелерден тамақтана алмаймын. Өйткені мен көптеген жерлерде жұмыс істедім. Аспаздардың тіпті қолдарын дұрыс жумайтынын көрдім. Барлығының санитарлық кітапшалары сатып алынған", — деп жазды көпшілік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *