Астана әуежайында 200 000 еуро шығармақ болған шетелдік ұсталды

Жаңалықтар
view 14
news

Фото: Bizmedia.kz

Астана әуежайы арқылы шетелге 200 000 еуро шығармақ болған шетелдік азамат сотталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, бұл істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қараған.

Астанада шетелдік азамат Қазақстаннан 200 000 еуроны шығарғысы келген.  Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен тәркіленген валюта мемлекет кірісіне кетті, - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.

Жалпы, қолданыстағы заң бойынша 10 000 АҚШ долларына тең қолма-қол ақшаны ғана алып өтуге болады.

Валюта заңнамасын бұзғаны үшін жыл басынан бері 129 адам жауапқа тартылып, 88 млн теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды прокуратура.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *