Астана әуежайында шу шығарған әйел қамауға алынды
Фотосурет: дереккөз
Әлеуметтік желілерде Астана әуежайының ғимаратында полиция қызметкерлерінің ортасында еденде жатқан әйелдің видеосы тарады. Елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, FlyArystan авиакомпаниясының «Астана – Шымкент» рейсінің жолаушысы орташа дәрежедегі мас күйде болған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Ведомство мәліметінше, әйел қоғамдық тәртіпті бұзып, авиакомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін ол ұшақ бортынан түсірілген. Жолаушы медициналық куәландыруға жеткізілген.
Бұдан бөлек, әуежайда хабарлағандай, ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған. Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша: ұсақ бұзақылық, мас күйде болу және ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды.
Сот шешімі шыққанға дейін жолаушы уақытша ұстау камерасына қамалды.
Пікірлер (0)