АСТАНА ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ ЕМХАНАЛАР САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІНІН МОЙЫНДАДЫ
Редакция таңдауы
111
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік емханалардың бәрі халық қалағандай сапалы қызмет көрсете бермейтінін айтты, - деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Massaget.kz ке сілтеме жасап.
Қала басшысының астаналық кәсіпкерлерімен кездесуінде медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында кейбір емханаларды жекешелендіру мәселесі көтерілді.
"Бұл тақырыпты біржақты қарауға болмайды. Себебі жекеменшік емханаға барғысы келмейтін адамдар да бар. Мәселен, менің қолымда осы сипаттағы, жеке емханалардың қызметтері көңілден шықпайтынын дәлелдейтін өтініштер көп. Күні кеше ғана емхана салғысы келетін инвестор компьютерлік томаграфия, магниттік-резонансты құрылғы сияқты күрделі аппараттарсыз салуға тырысып жатқаны туралы білдім. Иә, мемлекеттік емханалар да халық қалағандай сапалы қызмет көрсете бермейді. Олардың деңгейін сапалы жекеменшік емханалармен теңестіру қажет. Сол себептен әр емхананың мәселесін жеке қараймыз", - деді ол.
Жеңіс Қасымбек жаңа емханалар салатын инвесторлармен кездесетінін, сол кезде ортақ шешім шығатынын айтты.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)