АСТАНА МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Редакция таңдауы
view 84
news

Сегізінші шақырылым депутаттарының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 40 жастағы Ерлан Каналимов елорда мәслихатының хатшысы болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Tengrinews.kz ке сілтеме жасап. Каналимов өткен шақырылымда Астана қаласы мәслихатының төрағасы болған. Астана қаласы мәслихатының сессиясында төрт тұрақты комиссияның төрағалары да сайланды. Құқықтық тәртіп және халықпен жұмыс жөніндегі комиссияға Азамат Айтхожин, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша Кендебай Адамбеков төраға болды. Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Владислав Сергеев, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Асқар Смағұлов болды. Елорда мәслихатындағы Amanat партиясының фракциясы басшысы болып Берік Жәкенов бірауыздан сайланды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *