Астанада балалар ауруханасынан өрт шықты
Фото: depositphotos.com
Елордадағы №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің ресми мәліметінше, өрт туралы хабарлама 11 сәуір күні сағат 22:48-де келіп түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына санаулы минуттарда жеткен. 22:55-де «101» қызметінің бөлімшелері ауруханаға келген. Ал 23:08-де өрт толықтай ауыздықталған.
Осылайша, өрт сөндірушілер небәрі 20 минуттың ішінде қауіптің бетін қайтарып, ғимаратты жалыннан сақтап қалды.
Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғадан соң ауруханадағы кішкентай пациенттер қауіпсіздік мақсатында уақытша көршілес ғимаратқа эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Пікірлер (0)