Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: Pixabay

«Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болғаны туралы «Астана Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

22 қараша күні сағат 01:06–да РП-217-ні қоректендіретін № 106 және № 210 ұяшықтары ажырап, қосалқы станцияда технологиялық ақау тіркелді.

Оқиға орнына оперативтік-жедел бригадалар 01:09–да келіп, РП-217 жұмысының бұзылғанын растады, — делінген компания хабарламасында.

Компания мәліметінше, қазіргі уақытта электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Авария салдарын жоюға оперативтік-жедел қызметтің үш бригадасы, сондай-ақ Есіл РЭС-інің, сынақ және диагностика қызметінің және кабельдік желілер қызметінің бригадалары жұмылдырылды, — деп атап өтті мекеме.Ақау салдарынан бірнеше тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды. Атап айтқанда, «Зеленый квартал», «Аура», «Асыл Мұра», «Freedom», «GreenLine. Headliner Exclusive 1», «GreenLine Astra» және «GreenLine. Flora».

Минималды тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін дизель-генераторлық қондырғылар қосылды, — делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *