Астанада ер адам Абайдың қара сөзі жазылған плакатты жыртып тастады

Жаңалықтар
view 48
news

Сурет: видеодан кадр

Абайға құрметсіздік жасаған ер адам түрмеге қамалды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі SMARTNEWS.KZ басылымына сілтеме жасап. 

 Астанада Сығанақ көшесіндегі аллеяда орналасқан Абай Құнанбайұлының нақыл сөздері бейнеленген стендті бір ер адам жұлып-жыртып, бүлдіріп кеткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 49 жастағы азамат стенд конструкциясын зақымдап, плакатты жыртқан.

«Оның бұл әрекеті – қоғам мен мәдени құндылықтарға деген құрметсіздіктің көрінісі. Ол ұлт руханиятының символына айналған ұлы ойшылдың ескерткішіне нұқсан келтірді», – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция құқықбұзушыны ұстады. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды. Тәртіп сақшылары қоғамдық мүлікті бүлдіргендер заң алдында жауап беретінін ескертті.

Айта кетейік, маусым айында Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жанындағы жеңіл рельсті көлік (LRT) станциясында бір топ адам пойыз вагондарына граффити салып кеткен болатын. Кейіннен вагондар қайта қалпына келтірілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *