Астанада құрылыс компанияның басшысы он жылға сотталды

Жаңалықтар
view 486
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Астанада құрылыс компанияның басшысы он жылға сотталды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС Бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды", – делінген хабарламада. 

Сот үкімі бойынша құрылыс компаниясының басшысы он жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Давлетовке 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Р.А. Кадесов О.Б.Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", – делінген сот үкімінде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *