АСТАНАДА ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Редакция таңдауы
view 93
news

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде трансформация жұмысы жалғасып жатыр. Бұл тұрғыда педагогтердің біліктілігін арттыру маңызды. Мұны «Балаларды ерте дамыту институтының» директоры Манара Адамова елордада өткен ғылыми-практикалық конференцияда мәлімдеді. Жиында шаһардағы балабақшалардың тәрбиешілері «Мектепке дейінгі оқыту жүйесін дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында жобаларын қорғап, баяндамаларын оқыды. Өзара диалог құрып, тәжірибе алмасты. Айта кету керек, елімізде 98 мың педагог бар. Олардың 64 мыңы тәрбиешілер. Қазір 11 мың 104 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеп тұр. Манара Адамова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі “Балаларды ерте дамыту институты” РММ директоры: - Заман көшенінен қалмауымыз үшін педагогтердің құзыреттілігін арттырып, олардың баламен тікелей қажеттілігін, бүгіннін қажеттілігіне сәйкес жылдам өзгерген кезде, педагог та өзіне қойылатын талапты өзгерте отырып, заманның ағымымен бірге дамуына сәйкес, соған қажетті құзыыреттілік пен дағдыларды қалыптастырып, бойына беруі керек. Балабақшаның да, мектепке дейін білім беру ұйымдарының жүгі ауыр. Сондықтан бұл жерде педагогке қойылатын талап өте үлкен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *