Астанада түнгі клубта 18 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кетті

Жаңалықтар
view 150
news

Фото: Midjourney нейросеті

Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жазды.

Жұмадан сенбіге қараған түні елордалық ойын-сауық орындарының бірінде Семей қаласының 18 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды. Клуб маңында полиция көптеп жиналып, келушілер эвакуацияланды, – деп жазды куәгерлер.

Желі қолданушылары 2Gis-те түнгі клубтың жабылуын талап етіп жатыр.

Сондай-ақ қазақстандықтарды түнгі клубтың болған жағдайды елеместен жұмысын жалғастырып жатқаны ашуландырды. 

Клуба 18 жастағы жігіт көз жұмды, ал олардың парақшалары stories жариялап отыр. 2GIS платформасында қызметкерлердің өздері жағымды пікірлер жазып, жағымсыз пікірлерді төменге түсіруге тырысып жатыр, – деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *