«Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?!»: Ермұрат Бәпи Назарбаевтың елден шығуына тыйым салуды ұсынды

Жаңалықтар
view 175
news

Фото? видеодан скрин

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларға қанық бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңнамалық деңгейде реттеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, экс-президенттер, министрлер және өзге де жоғары қызмет атқарған тұлғалар ел қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін ақпаратқа ие. Осыған байланысты олардың елден тыс сапарлары бақылаусыз қалмауы тиіс.

Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияны білетін тұлғаның шет елге шығу мүмкіндігін реттейтін заң қажет екенін айтты.

Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?! Кезінде жеке өзі билеп-төстеп, бір шыбықпен айдаған халқы пана болмайтынын сезген сорақының қорлығы ғана ма? Әлбетте бұл тіленшектік Қазақстанға, қазаққа қарайлас қарекет емес, әдеттегідей тойымсыз жеке бастың қамы болса керек! Сондықтан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияны білетін тұлғаның (экс-президент болсын, министр немесе басқа да лауазымгер болсын) шет елге шығу мүмкіндігін реттейтін заң қажет шығар. Қалай ойлайсыңдар, заңгер-депутат әріптестер, біз осындай заңға бастамашылық жасай аламыз ба, – деп жазды депутат. 

Сондай-ақ ол мұндай шектеулердің Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшылығы бар-жоғын да көтерді.

«Қытайдағы сияқты шетке шығуды шектейтін заң біздің елдің халықаралық міндеттемелері мен мемлекетаралық конвенцияларға қаншалықты қайшы келуі мүмкін?» – деп сауал тастады Бәпи.

Депутаттың пікірінше, халық қалаулылары да мемлекеттік құпияға қатысты белгілі бір шектеулерге бағынуға тиіс.

Ал бұған және Қожамжаров сияқты басқаларға елдің қауіпсіздік қамына орай күнібұрын шекаралық “қызыл жалауша” қоюға болмай ма? Бұл қабылдаудың саяси мазмұнын Кремль қалай қабылдайтынын қайдам, ал экс-президенттің ішіндегі "қызыл иті" елдің мемлекеттік билігі мен Қазақстан халқына сес көрсетуі деп түсінеміз бе, – деп жазды депутат. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Кремльде кездескен болатын. 

Пікірлер (1)

  • Ерік

    Бұл Қалмақтың қазазақтарды мазақ еткені, оның астындағы Бойнг ұшағын үкімет қайтарып алып, оны бар өзі жасап алған жеңілдіктерден айырып, ұрлаған бар байлығын елге қайтару керек, оның уақыты келді, онсызда 6-жыл тайраңдап жүр!!!...

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *