Астаналық фельдшердің қазасынан кейін екі қылмыстық іс қозғалған

Жаңалықтар
view 134
news

Фото: Instagram/rustemova_aliya

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада үстіне кондиционер құлап, ауруханада қайтыс болған жас фельдшердің қазасына байланысты екі қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бұл – кездейсоқтық емес»: Астанада қайтыс болған фельдшер туралы тың дерек шықты

Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер әйел қайтыс болды

Бүгінгі таңда біз екі қылмыстық іс қозғадық. Біріншісі – сапасыз құрылыс фактісі бойынша. Екіншісі – адамдардың өміріне қауіп төндірген қызмет көрсету фактісі бойынша. Бұл жерде фельдшердің қазасы туралы сөз болып отыр. Қазір Әділет министрлігінің сарапшылары бірқатар сот сараптамасын жасап жатыр. Сонымен қатар Астана қаласының әкімдігі тиісті министрлікпен бірлесіп, арнайы тергеу жүргізуде. Жақын арада акті дайын болады, содан кейін осы қылмыстық іс бойынша міндетті түрде ақпарат береміз, – деді ол Мәжіліс кулуарында.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Комада жатқанда Құран оқыдым»: Күйеуі марқұм фельдшердің сонда жылағанын еске алды

 «Екі апта ғана бірге тұрдық»: марқұм болған фельдшердің күйеуінің жазбасы тарады

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *