«Екі апта ғана бірге тұрдық»: марқұм болған фельдшердің күйеуінің жазбасы тарады
Фото: ашық дереккөз
Астанада жұмыс барысында қайтыс болған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
«Ешқандай медаль әйелімді қайтара алмайды»: Астаналық марқұм фельдшердің күйеуі жұртты толқытты
Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты
Жас жұбайлар сегіз жыл жүріп, 2025 жылы шаңырақ көтерген екен. Бірақ Ұлдана отау құрғандарына небәрі екі апта өткенде дүниеден өтті.
Әділет Зейнел жарымен қашан танысқанын айтып, оған деген сағынышын жеткізген.
Жаным, біз 2017 жылы танысып, 2025 жылы ғана шаңырақ құрдық. Сен бізбен небәрі екі апта ғана тұрдың, бірақ 20 жыл бірге өмір сүргендей үлкен із қалдырдың. Бәрімізге шексіз бақыт сыйладың. Мен сені жақсы көремін. Біз сені жақсы көреміз. Сағынышым шексіз… Алла маған нағыз махаббатты сезіндіру үшін сені жолықтырды. Кейін сол сезіммен бірге сені де алып кетті. 18.11.2025 – өмірімдегі ең ауыр күн, – деп жазды ол.
Пікірлер (0)