Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты

Жаңалықтар
view 82
news

Фото: ТЖМ

Бүгін таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт болып, оқиға салдарынан 12 адам қаза болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиғаның мән-жайы

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, үш адам ес-түссіз күйде эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді.

Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды. Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды, - деп хабарлайды ТЖМ.

Көршілер үйде қонақтар болғанын, себебі алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізгенін айтқан. Өрттің аумағы 360 шаршы метр болған.

Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр.

Президент көңіл айтты

Президент Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
 
Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *