Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелімен Threads арқылы танысқан

Жаңалықтар
view 57
news

Фото: ашық дереккөз

Танымал актер әрі КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелімен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Біз етікті бұлай тез ауыстырмайтын шығармыз»: Дәурен Айдарқұлов тағы да үйленді

Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелімен арақатынасы қандай екенін айтты

Қалыңдығын екі ай іздеген

Бірнеше ай бұрын Threads қолданбасын өшіріп тастадым. Себебі қарапайым – бұл қолданбадан керек дүниенің бәрін алдым. Шынымды айтсам, мен оны өзіме жар табу үшін қолдандым, - деп жазды актер.

Ол болашақ жарын екі айда іздеп тапқанын атап өтті.

Екі аптадан кейін үйленеміз деп шешкен

Бұл қосымшаның алгоритмі менің қандай адамды іздеп жүргенімді түсінген сияқты, парақшамда болуы мүмкін қалыңдықтар көріне бастады. Екі ай өткен соң қызық бір парақшаға көзім түсті де, бірден хабарластым. Ал екі аптадан кейін біз үйленеміз деп шештік. Қысқасы әлеуметтік желінің пайдасы бар екен, - деп түйіндеді Дәурен Айдарқұлов.

Бұған дейін...

Еске сала кетейік, жақында Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерді. Желіде қыз ұзату тойынан видеолар жарияланды. Ол өз парақшасында «Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің аты – Жұлдыз», – деп жазды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *