«Ер азаматты аймалау керек»: Назарбаевтың тоқалы болған әншінің сөзі жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз
«Болат Назарбаевтың тоқалы болдым», «Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездестім» деп ашық айтып жүрген әнші Динара Әлжан Kezdesu-ге берген сұхбатында ер адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адамдарды не жалықтырады?
Оның айтуынша, еркектер жүруі керек, қыдыруы керек.
Қыдырмайтын еркекті мен еркек емес деп ойлаймын. Ер азаматтар жүруі керек, қыдыруы керек, оларға уақыт беру керек. Өйткені әрқашан үйленген әйелінің бетіне қарап, басқа әйелдермен сөйлеспесе, дамымаса мұндай өмір салты еркектерді жалықтырады. Қызғаныш та, махаббат та бар. Егер сен ер азаматты шын жақсы көретін болсаң, барлығына шыдайсың, - деді ол.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Көзіме шөп салып жүр ме?»: Күйеуін тексермек болған қостанайлық әйел алаяқтарға алданып қалған
18 жастағы қыздың сүйіскен жігіттің тілін неге жұлып алғаны белгілі болды
«Аяқ-киіміне дейін кигізіп беру керек»
Әншінің пікірінше, ер адамдарды жамандамау керек, егер олар болмаса, әйелдер құлпырмайды.
Ер азаматты аймалау керек, сыйлау керек. Аяқ-киіміне дейін кигізіп беру керек. Еркекті сен қолдасаң ол еш жаққа кетпейді. Анасы оны мәпелеп өсіргеннен кейін азаматшалар, қыздар өте мықты болады. Қазіргі таңда ер азаматтарды көбі жамандайды, мен оны дұрыс емес деп ойлаймын. Егер олар болмаса біз құлпырмайтын едік. Ер азаматтарды сыйлап, сүйіп, мәпелесек сол уақытта бізде барлығы болады деп ойлаймын, - деп өз ойын айтты Динара Әлжан.
Желі қолданушыларының пікірі
Динара Әлжанның бұл пікірі желі қолданушыларына жақпай қалғанға ұқсайды.
«Ақыл айтпаған не қалды өзі, әйтеуір, бәрі ақылшы, қазақты бұзу бағыты басталды ма», «Шаймашы, қатын», «Миы жоқ», «Өз қызыңа сондай ерке жолықсын», - деп жазып жатыр олар.
@massaget.kz Kezdesu-дің кезекті қонағы - Динара Алжан. Сұхбат кезінде әнші «спонсорлары» жайында ашық айтады, махаббат және әйел мен ер адамның арасындағы қарым-қатынасы туралы ойын білдіреді. Қоғамда қызу талқыланған сұхбатынан соң, Динараның өмірі қалай өзгерді, оны аңдыған кімдер? Қайрат Нұртаспен қазіргі қарым-қатынасы қалай? Толығырақ сұхбаттан көре аласыздар.
♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Пікірлер (0)