«Арман Дүйсеновтің жарына үй алып беріңіздер»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзоваға үндеу жолдады (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова композитор Арман Дүйсеновтің жесірі Айсұлу Дүйсенованың баспанасыз қалғаны жанына батып жүргенін айтып, продюсер Баян Алагөзоваға үндеу жолдады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өзінде артық ақша жоқ екенін жеткізді. Дегенмен үй сұрау үшін әкімдікте қызмет істейтін (Алматы – ред.) жігіттермен сөйлескенін, алайда, бұрынғыдай әкімдік тарапынан пәтер берілмейтінін, қазір ондай заң жоғын алға тартқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Сазгер Арман Дүйсеновтің жұбайы Президенттен көмек сұрайды
«95 млн қарызы болған»: Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың өлімі туралы дерек шықты
Сүлейменов 20 пәтер, Мұртаза 60 пәтер алып кеткен...
Мен миллионердің әйелі емеспін, менде артық ақша деген болмайды. Бай болсам, өзім-ақ алып берер едім. (...) Сондықтан мен үй алып беремін деп айта алмаймын. Бірақ мен әкімнің өзіне емес, әкімдіктегі жігіттерге шықтым. “Қалай көмек беруге болады?” деп ақылдастым. Кезінде Зәкең марқұм (марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов – ред.) талай өнер адамына кезексіз үй берген еді. Шерхан Мұртаза ағамыздың өзі барып, сол уақытта бір күнде 60 пәтер алып кеткен екен. Бүкіл теле-радио компанияның жұмыскерлері 20-30 жыл пәтер жалдап тұрған екен. Сол жағдайды Зәкең жасап кетіп еді кезінде. Олжас Сүлейменов ағамыз келіп, 20 пәтер алып кеткен екен. Ол кезде әкімдіктің балансында үйлер болған екен. Тасмағамбетов мырзаның кезінде де сондай болған. Қазір ондай заң жоқ екен, баланста үй жоқ, – деді әнші.
Халық әртісінің ендігі бар үміті белгілі продюсер Баян Мақсатқызында екен.
«Екі тойдан түскен ақшаны өзім берейін»
Баянның күйеуі миллионер, тіпті миллиардер шығар. Бірақ бір адам байыса, біреу үшін емес, өзі үшін байиды. (...) Арман Дүйсенов Баян Мақсатқызын өте қатты сыйлаған азаматтың бірі. Әңгімесінің бәрінде жоғары баға беріп отыратын. Арман Дүйсенов Баянның көп жобасына атсалысқан. Мықты-мықты әндерін жазып, өңдеуіне дейін жасап беретін. Сосын «досым» деп айтатын. Сондықтан Баянға ғана сеніп отырмын. Жолдасыңыз екеуіңіз ақылдасып, бір үй алып беріңіздер… Жартылай ақшасын біз жинап берерміз. Өзім екі тойға барып, ақшасын көмек ретінде сіздерге берейін. Бірақ қалғаны бере ме, бермей ме – айта алмаймын. (...) Бір пәтер алып берсеңіздер, сіздердің абыройларыңыз одан сайын асқақтайды деп ойлаймын, – деді Халық әртісі.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды
Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Пікірлер (0)