18 жастағы қыздың сүйіскен жігіттің тілін неге жұлып алғаны белгілі болды

Жаңалықтар
view 219
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қырғызстанда қызбен сүйіскен сәтте жігіт тілінен айырылды деген шу болған оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл жағдайды журналист Бекболат Қаржан өзінің Facebook-тегі парақшасында түсіндіріп өткен. Оның айтуынша, оқиға романтикалық қарым-қатынастағы екі жастың арасында емес, таныстарының тойында болған.

Жаңа дерекке сүйенсек, 18 жастағы қыз әлгі жігіттің сүйіктісі болмаған. Тойда масайып қалған жігіттің өзі қызға қайта-қайта тиісе берген. Құшақтап, еріксіз сүймек болған. Жігіттің бұл әрекетіне ашуланған қыз өзін қорғау мақсатында оның тілін де, ернінің бір бөлігін де тістеп, жұлып алған.

Пост авторы қыздың әрекетін өзін қорғау деп бағалап, «дұрыс істепті» деп пікір қалдырған. Ал жігіттің жақындары қазір қыздың ата-анасынан кешірім сұрап жүрген көрінеді.

Желі қолданушылары оқиғаның бұлай өрбігеніне таңданыс білдіріп, енді жігіттің мұндай қылықтан сабақ алатыны сөзсіз деген пікір айтып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *