Қырғызстанда жігітімен сүйіскен қыз оның тілін жұлып алған
Фото: Kaktus.media
Қырғызстанның Манас ауданында 8 қараша күні ерекше оқиға болды – сүйісу кезінде жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Kaktus.media-ның жазуынша, Джалал-Абад облыстық клиникалық ауруханасының директоры Кумар Ботокараев жәбірленуші жігіттің тілінің ұшы мен төменгі ернінің бір бөлігі тістелгенін айтқан.
Науқасқа ота жасалып, жараланған бөлігі тігілді. Қазір ол жақ-бет хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тілі қалпына келуі мүмкін. Мұндай жарақаттар әдетте эпилепсия кезінде кездеседі, бірақ сүйісу кезінде болғанын алғаш рет көруім, – деді дәрігер.
Манас аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметінше, бұл факт Бірыңғай қылмыстық және құқық бұзушылықтар тізіліміне тіркеліп, тергеу басталған.
Тексеру барысында анықталғандай, 1999 жылы туған С. уулу Н. есімді жігіт пен 2006 жылы туған А. Ж. есімді қыз оқиға күні досының тойында бірге болып, спирттік ішімдік ішкен. Сол жерде сүйісу кезінде қыз жігіттің төменгі ерні мен тілін тістеп алған.
Милиция өкілдері екі тараптың да психикалық ауытқуы жоқ, есі дұрыс адамдар екенін растаған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Пікірлер (0)