Жаңбыр, қар: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: kazgazeta.kz

«Қазгидромет» 13, 14, 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. 13 қарашада шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды.

Ауа температурасы төмендейді:

  • Солтүстікте түнде -5…-12°С, күндіз -0…-6°С,
  • Солтүстік-батыста түнде -2…-10°С, күндіз -0…-5°С,
  • Орталықта түнде -3…-13°С, күндіз -6…+3°С,
  • Шығыста түнде -8…-20°С, күндіз -0…-10°С. 
  • Қалған өңірлерде өзгермейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *