Энергетикалық сусынды жиі ішкен жігіттің денсаулығы қатты нашарлап кетті

Жаңалықтар
view 117
news

Фотосурет: Еркеғали Болатұлы

Санкт-Петербургтің 22 жастағы тұрғыны Артем энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну салдарынан өлім аузынан қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

112 Telegram-арнасының мәліметінше, түнгі компьютерлік ойындарға әуес болған жігіт сергектігін сақтау үшін энергетик іше бастаған. Алғашында күніне 1 банкадан ішсе, уақыт өте келе мөлшерін ашқарынға 3-5 банкаға дейін көбейткен.

Жазда Артемнің іші қатты ауырып, жүрек айнуы мен құсу басталған. Оны «панкреатит» диагнозымен ауруханаға жеткізеді. Ауруханадан шыққаннан кейін дерт қайта асқынып, ұйқыбезінде киста пайда болған.

Үшінші рет ауруханаға түскенде жағдайы күрт қиындайды. Ұйқыбездің іріңді некрозы дамып, аяқтары жансызданады. Созылмалы аурулары ауырлап, ағзасы уланған. Есте сақтау қабілеті бұзылып, анорексия да байқалған.

Қазір ол Санкт-Петербургтегі ауруханалардың бірінде оңалтудан өтіп, қайтадан жүруді үйреніп жатыр.

Мамандардың айтуынша, энергетиктерді шамадан тыс, әсіресе ашқарынға ішу ұйқыбезге, жүрек пен қан тамырларына ауыр соққы болып, қайтымсыз асқынуларға әкелуі мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *