«Көзіме шөп салып жүр ме?»: Күйеуін тексермек болған қостанайлық әйел алаяқтарға алданып қалған
Фото: depositphotos.com
Күйеуін опасыздық үстінде ұстамақ болған қостанайлық әйел ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Арман Дүйсеновтің жарына үй алып беріңіздер»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзоваға үндеу жолдады (ВИДЕО)
Қостанай қаласының тұрғыны Instagram-да өзгелердің чаттағы жазысқан хабарламаларын "әшкерелеп беруді" ұсынатын ерекше қызмет жайлы жарнаманы көріп қалған. Жарнамадағы сілтеме арқылы Telegram-дағы жеке аккаунтқа өткен соң, келіншек өзін Полина деп таныстырған оператор әйелмен сөйлесіпті.
Клиенттің қалаған хат алмасуына "қол жеткізу" үшін 26 мың теңге сұраған. Ақша түскен соң алаяқтар "қиындықтар туындағанын" айтқан: мәлімет көлемі тым үлкен, ішінде фото мен видео бар, сондықтан қосымша 20 мың теңге төлеу қажет деген. Қызғаншақ әйел бұл соманы да аударып жіберген, ал Полина бірден хат алмасуды өшіріп, әйелдің нөмірін бұғаттап тастаған.
Қостанай облыстық Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап, азаматтарды интернеттегі күмәнді жарнамаларға сенбеуге тағы да шақырды.
Пікірлер (0)