Блогер Mellstroy-ға Қазақстанда іздеу жарияланды

Жаңалықтар
view 57
news

Фото: Qamqor.gov.kz

Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, "Mellstroy" лақап атымен танымал блогер Бурим Андрей Александровичке (15.12.1988 ж.т.) халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сот Буримға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бағуға міндетті емеспін!»: Блогер Самат Бекебаевтың апасы қайыр сұрап жүр

Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино "Mellstroy.game" платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінуде.

Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Егер іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Астана қаласы бойынша ЭТТД-ге келесі телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім; +7 7172 70 84 79. Құпиялылық пен сыйақыға кепілдік беріледі. 

Қазақстан Республикасының заңнамасында құмар ойындарды жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, заңсыз ойын бизнесіне сыбайлас болу және жәрдемдесу фактілері үшін қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін атап өтеміз.

Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды заңсыз ойын бизнесін кез келген түрде жарнамалауға немесе оны ілгерілетуге қатысудың жол берілмейтіні туралы ескертеді.

Күмән тудыратын жарнамалық ұсыныстар түскен жағдайда бұл туралы дереу "АФМ Insider" Telegram-ботына хабарлауыңызды сұраймыз, – делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *