Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады
Фото: ашық дереккөз
Қазақстандықтардың желтоқсан айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі.
Қыстың алғашқы айында еліміз Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл 16 желтоқсан сейсенбіге келеді.
Осылайша, желтоқсан айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады.
Жаңа 2026 жыл бейсенбі күні басталады. Сол себепті азаматтар төрт күндік демалыстан кейін тек 5 қаңтарда, дүйсенбіде жұмысқа шығады.
Сондай-ақ қазақстандықтарға Рождество мерекесіне орай қосымша демалыс беріледі. Рождество мерекесі 7 қаңтар, ол 2026 жылы сәрсенбіге сәйкес келеді. Осылайша, 2025 жылдың 29 желтоқсанынан 2026 жылдың 11 қаңтарына дейін екі апта ішінде отандастарымыз жеті күн демалып, жеті күн жұмыс істейді.
Көптеген ұйымда қызметкерлерді 31 желтоқсанда жұмыстан босатады немесе қысқартылған жұмыс күні болады. Алайда ресми түрде бұл күн демалыс күні болып саналмайды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар қарашада қанша күн демалатынын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)