Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
Фотосурет скрин
Қызметтік борышын өтеу кезінде қайғылы жағдайда қаза тапқан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанды туған-туыстары мен әріптестері Қосшы қаласында соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне марқұмның жақындарынан бөлек, Ұлттық ұлан өкілдерінің қатысуы марқұмның ерлігі мемлекет тарапынан толық мойындалғанын көрсетеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ешқандай медаль әйелімді қайтара алмайды»: Астаналық марқұм фельдшердің күйеуі жұртты толқытты
Түркістан облысында тұрғын үйде болған алапат өрттен 12 адам қаза тапты
Молда құран бағыштап, денесі қолға алынып шығарылды. Ер адамдар зиратқа аттанса, әйелдер қауымы ас беру рәсіміне қатысты. Жүрегі қарс айырылған жақындары мен әріптестері көз жастарын жасыра алмады.
Марқұмның анасы Эльза Ерманова қызының мамандығын саналы түрде таңдағанын айтып берді.
Ол адамдарға көмектесуді өте жақсы көрді және үнемі пайдалы болуға ұмтылды. Ұлдана – өте мейірімді әрі жанқияр қыз болатын, — деп еске алды анасы.
Ұлдана Мырзуан ауыр жарақатты 8 қараша күні Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайындағы шақырту кезінде алды. Ол сол сәтте жедел көмекке мұқтаж адамға көмектесіп тұрған болатын. Қауіпсіз жерге ауысуға мүмкіндігі болса да, пациентінің жанынан кетпей, оған көмектесуді жалғастырған. Дәл сол кезде тоғызыншы қабаттан кірпіш қаптамасы мен кондиционер блогы құлап, оның үстіне түскен.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Құтқарыңдаршы» деп айғайлады»: Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты (ВИДЕО)
«Қылмыстық құрам жоқ»: Бозымбаев 12 адам қаза тапқан өрт жайлы айтты
Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Ауыр жарақат алған жас фельдшер дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірі үшін күресті, алайда 18 қараша күні Ұлдана Мырзуан көз жұмды.
Ерлігі мен кәсібіне адалдығы үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлдана Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Оның жанқиярлық әрекетін Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов та жоғары бағалаған еді.
Астана қаласының әкімдігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, материалдық көмек көрсету, жерлеу рәсімінің шығындарын толық өтеу, сондай-ақ заңмен белгіленген тәртіпте сақтандыру төлемдерін төлеу қарастырылған.
Пікірлер (0)