Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Фото: instagram.com/rustemova_aliya
Ақорда қаза тапқан фельдшердің «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTA.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер әйел қайтыс болды
Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлады: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, - деп жазылған ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов елордада зардап шеккен фельдшердің жағдайы туралы айтқан болатын.
Пікірлер (0)