Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер әйел қайтыс болды

Жаңалықтар
view 88
news

Фото: ашық дереккөз

Астанада 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті құлап, комаға түскен 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан тура он күн өткеннен кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлады: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер не дейді

18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетейік, Ұлдана ауруханада ауыр халде жатқан еді. Ол 8 қараша күні әріптестеріне көмектесу үшін таңғы сағат 10:30 шамасында оқиға орнына барған. Жолдасы Әділет Ұлдана екі адамды алып шығып үлгергенін айтады. Фельдшер тағы бір адамды көтеріп жатқан сәтте жоғарыдан кондиционер үзіліп, оның басына түскен.

Ұлдана бес жыл бойы фельдшер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ ол бірнеше апта бұрын ғана шаңырақ көтерген екен. Жолдасы Әділет те дәрігер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов елордада зардап шеккен фельдшердің жағдайы туралы айтқан болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *