Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлады: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Жаңалықтар
view 103
news

Фото: canva

8 қараша күні Астанадағы «Алматы» ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер қондырғысы опырылып түсті. Астана әкімдігі жарақат алған бес адам қалалық №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәлімдемесі

Қасбеттің сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлаған сәтте бес адам зардап шекті. Екі адам жансақтау бөлімінде, ал тағы үшеуі бейінді бөлімдерде ем қабылдап жатыр, – деп мәлімдеді әкімдік.

Зардап шеккендердің арасында екі фельдшер бар, олар жұмыс барысында жарақат алған.

Әкімдік мәліметінше, жансақтау бөліміндегі фельдшердің жағдайы өте ауыр, ал екіншісі нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы – орташа ауырлықта.

Тергеу басталды

Әлеуметтік желілерде тараған фельдшерлердің жарақаты өндірістік жарақат ретінде танылмады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл оқиға өндірістік жарақат ретінде тіркелді, – деп нақтылады әкімдік.

Оқиға бойынша қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің 188-бабына сәйкес еңбек инспекторы еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке тексеріс жүргізіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *