Вице-министр Астанада зардап шеккен фельдшердің жағдайы ауыр екенін айтты

Жаңалықтар
view 307
news

Фото: Boyloso/Getty Images

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлау салдарынан зардап шеккен фельдшердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Вице-министр не деді

Шынын айту керек, әріптесіміз жас фельдшер маманның жағдайы өте ауыр. Жан жақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Барлық денсаулық сақтау жүйесі, мамандар бірігіп, консилиум арқылы шешім қабылдап, көмек көрсетіп жатырмыз. Әріптесіміз аруханаға түскен күні ота жасалып, реанимациялық көмек көрсетілді. Қазір қаламыздағы үлкен ауруханалардың бірінде емін жалғастырып жатыр, деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында.

Тағы бір науқастың жағдайы ауыр

Оның айтуынша, қалған зардап шегушілер де толық көлемде ем алып жатыр.

Бір науқастың жағдайы ауыр, ол да жан сақтау бөлімінде. Қалғандары тиісті емін толық көлемде алуда, деді Тимур Мұратов.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, екі адам жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *