«Денемді пышақ салып кеспеңдер!»: Заманбек Нұрқаділовтің өсиеті жарияланды

Жаңалықтар
view 262
news

Коллаж: Dalanews.kz

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болар алдында жазған өлеңдерін бөлісті, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Заманбек өзін өлтірмеді» деген ҰҚК-нің экс-қызметкері сұмдық жайтты жайып салды

Мақпал Жүнісова Заманбекке арналған мұражайға жеке заттарын табыстады

«Заманбек Нұрқадіровтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді» деп фото бөліскен Мақпал Жүнісоваға көпшілік жылы сөздерін арнап жатыр.

«Ағамыздың жазуының кереметін ай!», «Қазақтың нағыз талантты әншісі Мақпал апай. Закәңдей тұлғалар 100 жылда бір туар азамат», «Сізде арман жоқ, қазақтың Зәкеңдей азаматын өзіңізге ғашық еткен. Аман-есен жүріңіз, халықтың ерке қызы! Мерейіңізді құтты орнына қондырып, тамырыңызды тереңге жайыңыз!», «Жаным Мақпал апай, бақытты болыңыз. Сізді халқыңыз жақсы көреді. Ағамыздың жаны Жәннатта болсын!», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, әнші Нұрқаділовтің бұл өлеңдерін бұған дейін де - ақпан айында әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын. 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *