Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінді
Жаңалықтар
137
Фото: РИА Новости
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ресейге сапары қарсаңында Тоқаевтың «Российская газетаға» мақаласы шықты
Қала орталығынан Ленин даңғылы мен «Октябрьская» метро станциясына дейінгі көшелер бойына Қазақстан мен Ресейдің тулары ілінді, - деп жазды РИА Новости.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында ол Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.
Пікірлер (0)